Accessibility links

Комада жатқан Ариель Шарон операция үстелінде


Бүгін Израйлдық медицина өкілдері премьер министр Ариель Шаронның жағдайы нашарлап, оның өміріне қауіп төніп тұрғанын хабарлады. Иерусалимдегі Хадассах емханасында жатқан Шаронның дәрігерлері оның ас қорыту жолының қатты зақымданғанын айтып отыр. Емхана өкілі Яел Боссем Левыйдың айтуынша, Шаронның денсаулығы қиындай түскен соң, дәрігерлер оған тезарада операция жасау жөнінде шешім қабылдаған.

“Шаронның жағдайы өте қиын,дәл қазір ол операция бөлмесінде жатыр. Оның өміріне қауіп төніп тұр”- деген емхана өкілі, операцияның алты сағатқа созылатынын айтты. Қатты инсульт алып, 4-ші қаңтардан бері комада жатқан Шаронның жағдайы осы аптаның басында тұрақты деп айтылған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG