Accessibility links

Дания үш елшісін дереу қайтарды


Дания үкіметі Сирия, Иран және Индонезиядан елшілеріміз бен елшіліктер қызметкерлерін кері қайтардық, Мұхамед Пайғамбардың сықақ сүреттеріне байланысты бұл елдерде жаңадан басталған жаппай шерулерге алаңдаймыз деді. Дания үкіметі осы елдерде жүрген азаматтарына дереу қайтсаңыздар жөн деді. Данияның осы үш елдегі елшіліктеріне соңғы күндері бірнеше шабуыл жасалған еді. Мұхамед Пайғамбардың сықақ сүреттері алғаш даниялық газетте былтыр қыркүйек айында жарияланған. Бұдан соң сүреттер бірнеше еуропалық газетте көшіріліп басылып, көптеген ислам елінде наразылық толқындары өтті.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG