Accessibility links

Иран президенті Холокост болмаған деп тағы ұрандатты


Иран президенті Махмұд Ахмединежат елдің ядролық даму бағдарламасы төңірегінде “әділетсіз қысым” көбейе берсе, Иран ядролық қару таратпау жөніндегі келісімнен шығып кетуі мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Тегеранда Ислам революциясының 27 жылдығына арналған жиында айтты. Иран президенті ядролық бағдарламамыз Халықаралық Атом энергетика агенттігі мен ядролық қару таратпау келісіміне сәйкес деді. Еуропа Одағының елдері мұнымен келіспейді, олар Иран мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне баяндау қажет деген келісімге қол жеткізді. Махмұд Ахмединежат кешегі жиында, сол сияқты, Холокост зұлматы ешқашан болмаған деген сөзін тағы қайталады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG