Accessibility links

“Құс тұмауы” құрбандарының қатары тағы 2 кісіге өсіп, 90-ға жетіп қалды.


ДЖАКАРТА: Индонезияда тағы 2 адам “құс тұмауынан” көз жұмып, осы елде “құс тұмауынан” қаза болғандардың саны 18-ге жетті. Соңғы 2 жылдан бері құс дертінен бүкіл дүние жүзінде бас-аяғы 90-ға жуық адам құрбан болды, басым көпшілігі Азия елдерінде. Олардың көпшілігі әлгі дертке шалдыққан үй құстарына жақын жүрген көрінеді. Қазір “құс тұмауының” вирусы Еуропа мен Африка елдеріндегі құс фермаларына тарай бастап, енді адамнан адамға жұғатын аса қауіпті вирус болып өзгеру қатерін ұлғайта түсті.
XS
SM
MD
LG