Accessibility links

Иран президенті: “...Теһран ядролық қару таратпау Келісімінен шығуы мүмкін”(!).


ТЕҺРАН: Бүгін Иранның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хамид Риза Азефи ядролық қаруды таратпау туралы Келісімді Теһран бұлжытпай орындауға дайын, бірақ бұл Келісімді өзіне саяси қысым көрсету мақсатында пайдалануға қарсы деп мәлімдеді. Кеше Иран президенті Махмуд Ахмади-Неджад, оның өз сөзімен айтқанда, елдің ядролық бағдарламасына байланысты “жөнсіз” қысым көрсетілген жағдайда, Теһран ол Келісімнен шығуы мүмкін деп ескертті. Халықаралық МАГАТЭ агентігінің 4-інші ақпан күнгі отырысында Иранның “ядролық ісін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне беру мүмкіндігі айтылған Қарарды мақұлдауы ресми Теһранның ащы наразылығын туғызған болатын.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG