Accessibility links

Данияның өз елшісі мен дипломатиялық өкілдерін кейін шақыртып алу туралы шешімін Индонезия “асығыстық” деп бағалайды.


ТЕҺРАН-ДЖАКАРТА: Бүгін Иранның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хамид Риза Азефи АҚШ-тың Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суреттерге байланысты шыққан халықаралық жанжалды ресми Теһран Батысқа қарсы наразылық туғызу үшін пайдаланды деп таққан айыбын қабылдамай, оны “жөнсіз айып” деп сипаттады. Ол АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райстың “Иран мен Сирия халықтың сезімін қоздырып отыр” деген сөзіне осылайша жауап қатты. Бүгін, сондай-ақ, Индонезия үкіметі Данияның осы елдегі елшісі мен дипломатиялық өкілдерін кейін шақыртып алу туралы шешімін “асығыстық” деп бағалап, ресми Джакарта Дания азаматтарының қауіпсіздігіне кепілдік береді деп мәлімдеді. Кеше Дания дипломатиялық миссия қызметкерлеріне төнген қауіп-қатерге байланысты Индонезия, Сирия және Ирандағы елшіліктерінің қызметкерлері уақытша елге оралады деп хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG