Accessibility links

Британ армиясы өз жауынгерлерінің Ирақ азаматтарын жәбірлеуін қатаң тергейді.


ЛОНДОН: Британ армиясының абыройын қорғау үшін Ирақ азаматтарын жәбірлеген кез-келген британ жауынгері сотта жауапқа тартылады. Бүгін Би-Би-Си-ге берген сұхбатында Англияның қаржы министрі Гордон Браун осылай деп мәлімдеп, ондайға жол беруге болмайды деп атап көрсетті. Одан бұрын британ қорғаныс министрлігі ағылшын жауынгерлерінің Ирақ азаматтарын жәбірлеп жатқан сәтін түсірген бейнетаспаны тергей бастады. Соған байланысты Англияның лауазымды өкілі Мартин Ратлитдж: “Бұл бейнетаспада төтенше жайт бейнеленген. Бұл ерекше алаңдаушылық туғызады және патшалық армия полициясының шұғыл тергеуін талап етеді. ...Біз барлық жөнсіздікке қарсымыз және заңсыздық туралы кез-келген хабарды қалт жібермейміз”, деп мәлімдеді. Әлгі бейнетаспа осыдан 2 жыл бұрын Ирақта түсірілген көрінеді.
XS
SM
MD
LG