ТЕҺРАН: Халықаралық МАГАТЭ агенттігі инспекторларының ұжымы уранды байыту өндірісінің қайта іске қосылуын қадағалау үшін Иранға келді. Иран парламентінің спикері Ғолам Әли Хадад-Әділ ресми ИРНА агенттігіне өндірістің бүгін не ертең іске қосылатынын мәлімдеді. 2 жылдық үзілістен кейін уранды байыту өндірісін қайта қолға алатынын ресми Теһран өткен айда хабарлаған болатын. Байытылған уранды бейбіт қуат мақсатта да, жойқын ядролық қару жасау үшін де қолдануға болады. Теһранның соңғы мәлімдемесі – МАГАТЭ-ні оның басқарма кеңесінің 4-інші ақпандағы отырысында “Иран ісін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне беру керек деген Қарарды мақұлдауға мәжбүр етті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Ескендір һәм "Ғаскер әні". Хасанғалиев шырқаған "Алаш маршының" ерекшелігі неде?
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?