Accessibility links

Италияда қысқы Олимпиада ойындары жалғасуда


ТУРИН. Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында Франция, АҚШ, Ресей, Голландия, Эстония, Норвегия және Оңтүстік Корея елдері алтын медаль ұтып алды. Шаңғы жарысында Ресейлік Евгений Дементьев алтын медальға қол жеткізді, ал осы ойындар бойынша әйелдер арасында өткен жарыста Эстониялық Кристина Смигун жеңіске жетті. Сноуборд жарысында Американдық Шон Уайт бірінші орынды иеленді. Таулы шаңғы ойындарында Француз Антуан Денериаз чемпион болды.
XS
SM
MD
LG