Accessibility links

Ирақта қантөгістің толастамай жалғасуымен қатар бұрынғы диктатордың соты да қайта-қайта үзілуде


БАҒДАД. Бағдадта Ирақтың бұрынғы диктатор С.Хусеин мен оның 7 үзеңгілесінің ісі бойынша сот процесі бүгін тағы да кейіге ысырылды. С.Хусеин соттың соңғы 2 отырысына қатыспады. Осы жексенбі күні негізгі айыптаушы Жаафар Муссауи егер айып тағылғандар байкот жариялауын жалғастыра беретін болса, олар отырысқа күштеп жеткізілетін болады деп ескертті. Бүгін, сондай-ақ, Бағдадта жанкешті-лаңкес банк маңайына жиналған халықтың қақ ортасында өзін-өзі жарып, кем дегенде 7 кісі мерт болып, талай адам жараланды. Баакуба қаласында 4 кісі оққа ұшты. Әл-Искандария қаласында жол бойындағы бомбаның жарылыснан 2 полиция қызметкері қаза тапты.
XS
SM
MD
LG