Accessibility links

Қазақстан оппозициясының тағы бір мүшесі қаза болды


АЛМАТЫ. Қазақстан оппозиция жетекшілерінің бірі, “Әділетті Қазақстан үшін” қозғалысының және “Нағыз Ақ жол” партиясының төралқа мүшесі Алтынбек Сарсенбайұлы ақпанның 13-і күні белгісіз жағдайда қаза болды. Алматы қаласының шетінде Алтынбек Сарсенбайұлы және оның оққағары мен жүргізушісінің мәйіттері табылды. Хабарларға қарағанда, олардың ұшеуі де оққа ұшқан. Алтынбек Сарсенбайұлы Қазақстан билігіне қатысты сыни пікірлер айтып келген. Қазақстан полициясы бұл оқиғаға байланысты пікір білдіруден бас тартып отыр. Мемлекеттік “Қазақпарат” агенттігінің хабарлауынша, Сарсенбайұлы аң аулау кезінде қаза тапқан. Ал оның жәрдемшісі Айдос Сарымов “Азаттыққа” берген сұхбатында Алтынбек Сарсенбайұлыны белгісіз біреулер қасақана атып өлтірген деді. Сонымен Алтынбек Сарсенбайұлы соңғы айларда оққа ұшқан екінші белгілі оппозиция өкілі. Қарашаның 12-сі күні Алматыда Заманбек Нұрқаділовтың өлігі табылған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG