Accessibility links

Иран уран байыту жұмысын қайта бастағандарын растады


Иран үкіметі Натаз жерасты зауытында уран байыту жұмысын қайта бастағандарын растады. Бұл туралы Иран өкілі Джавад Ваеди мәлімдеді. Иран уранын Ресейде байыту ұсынысы жайында келіссөздер Мәскеуде 20 ақпанда қайта басталмақ деді ол. Алғашқы жоспарланған күннен бұл төрт күн кешіктіріліп отыр. Ресей ұсынысы іске асса, Иран ураны Ресейде байытылмақ, сөйтіп Иран ядролық қару жасауға күш салып жатыр деген күдік сейілмек. Иран ядролық бағдарламамыз бейбіт мақсатқа арналған, Ресей ұсынысын қосымша мүмкіндік ретінде қарастырып отырмыз, уранды өз елімізде байытамыз дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG