Accessibility links

АҚШ үкіметі Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасына алаңдап отыр


АҚШ сыртқы істер министрлігінің өкілі Аманда Роджерс-Харпер бүгін "Азаттық" радиосына Вашингтоннан телефон арқылы сұхбат беріп, қаза тапқан Қазақстан оппозициясы жетекшілерінің бірі Алтынбек Сәрсенбайұлының жағдайына байланысты былай деді:

- Біз Қазақстан үкіметін тез арада тергеу жасап, Сәрсенбайұлының қазасы неден болғанын тергеу арқылы анықтауға шақырып отырмыз. Сол сияқты Сәрсенбайұлының жанында қаза болған оның екі кәсіби серіктестерінің ажалдары да анықталуға тиіс.

Алтынбек Сәрсенбайұлы және оның оққағары мен жүргізушісінің өлі денелері Алматы маңында кеше табылған болатын. АҚШ сыртқы істер министрлігінің өкілі Аманда Роджерс-Харпер марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлы Америкада белгілі болатын, оның абыройы жоғары болатын, оны білетін адамдар оны сағынып жүреді енді деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG