Accessibility links

Ауғанстан Пәкістаннан тәліптерді шекарадан өткізбеуді талап етпекші


ИСЛАМАБАД. Бүгін Ауғанстан президенті Х.Қарзай 2 күндік сапармен Пәкістанға келуге тиіс. Сапар барысында ол Пәкістан президенті П.Мушаррафпен, премьер-министр Шауқат Әзизбен және басқа да ресми өкілдермен кездеседі. Х.Қарзай Пәкістан жағынан тәліптердің Пәкістаннан Ауғанстанға қарай өтуіне бөгет қою үшін қатаң шара қолдануын өтінеді деп жоспарланып отыр. Ауғанстан - өткен қараша айынан бері жанкешті-лаңкестер жүзеге асырған 15 қастандықты бастан кешті. Өз кезегінде ресми Исламабад ауған бүлікшілерін қолдап отырғанын мойындамай, санаулы тәліптің шекарадан ары-бері өтуі мүмкін деп ақталып келеді. Тәліптердің басым көпшілігін 2 елді де мекендейтін пушту тайпасының өкілдері құрайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG