Accessibility links

Ирақтың бейбіт тұрғындарына қол көтерген 3 ағылшын жауынгері тұтқындалды


ЛОНДОН. Ағылшын қорғаныс министрлігі британ жауынгерлерінің Ирақтың бейбіт азаматтарын таяқтап жатқан сәтін түсірген бейнетаспа бойынша тағы 2 адамның тұтқынға алынғанын хабарлап, өткен жексенбі күні жарыққа шыққан бейнетаспа бойынша енді 3 кісі қамалып отыр. Бұл бейнетаспа Ирақтың Басра қаласындағы жергілікті халық пен британ әскерінің қарым-қатынасын бұзуға өз үлесін қосты. Қаладағы британ әскерінің штабына 100-деген жұрт келіп, муниципалитет жалпы британ күштеріне байкот жариялауға шақырды. Сондай-ақ муниципалитет бір газеті Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суретті шығарған Данияның әскерін алып кетуді талап етті. Данияның қорғаныс министрі Соерен Гэйд әскерді шығарудан бас тартты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG