Accessibility links

“Құс тұмауы” Еуроодақтың Германия, Аустрия, Италия және Грекия елдеріне де жетті


БРЮССЕЛЬ. Еуроодақтың мал дәрігері мамандары “Құс тұмауының” кең етек жаюына бөгет қою жолдарын қарастыру үшін бүгін Брюссельде 2 күнге бас қосады. Кеше Германияның солтүстігінен табылған 2 аққудан аса қауіпті Н5N1 вирусы аңғарылды. Аққулардың өліктері Балтық теңізіндегі Руйеген аралынан табылды. Германияның ауыл-шаруашылық министрі Хорст Зеехофер 2 құстың тәнінен алынған үлгілер Еуроодақтың Ұлы Британиядағы зертханасына жіберлегенін хабарлады. Германиямен қатар кеше Аустрия мен Иран да өлген жабайы құстардан “құс тұмауының” вирусы табылғанын жариялады. Өткен күндері Н5N1 вирусының ізі Италия мен Грекиядан да аңғарылған болатын.
XS
SM
MD
LG