Accessibility links

Мұхаммед ғалейхиуассалам пайғамбарды мазақ еткен суреттерге орай орын алып отырған күш қолданулар Ислам әлемі мен Еуропа байланыстарына кесірін тигізеді


Бұл жөнінде бүгін Еуропа комиссиясының төрағасы Хосе Мануил Баросо Страсбургтегі Еуропа Парламентінің сессиясында айтты.

“Сөз бостандығы деген Еуропаның құндылықтары мен дәстүрі болып табылады. Сөздің ашығын айтқанда, сөз бостандығы жөнінде айтыстың болуы мүмкін емес. Барлық бостандықтар сияқты сөз бостандығының сақталуы жекелеген адамдардың оны қолданғандағы жауапкершілігіне байланысты”, - деді Баросо.

Сөз бостандығының да шегі бар. Ол шектер Еуропа одағының заңдары арқылы қорғалған және заңдастырылған, деді ол.
XS
SM
MD
LG