Accessibility links

Еуропа одағы мал дәрігерлік өкілдерінің бүгін екі күндік басқосуы басталды


Басқосу Брюссельде өтуде. Күн тәртібіндегі мәселе - құс тұмауы дертіне қалай қарсы тұруға болады. Бұл басқосудың шақырылу себебі, бұдан бір күн бұрын Германияның солтүстігінде табылған қос аққудың өлі денесінен H5N1 белгісі табылғаны жөнінде Германия өкілдері хабарлап отыр. Аққулар Балтық теңізіндегі Рюген аралында табылған екен. Осыған орай Дания, Норвегия және Швеция елдері үй құстарын сыртқа шығармай ұстау жөнінде бұйрық шығарды. Австрия мен Иранда да өлген құстардан аталған ауру белгілері табылып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG