Accessibility links

Грузия Парламенті бүгін Ресей бейбітшілік күштерінің Оңтүстік Осетиядан шығарылуы жөніндегі қарарды дауысқа салды


180 депутаттың барлығы да қарарды қолдап шықты. Ресей күштерін елден шығару мерзімі нақты көрсетіле қойған жоқ. Грузия елбасы оңтүстік Осетия және Абхазиядағы жағдайларды бейбіт түрде шешуге уәде берген еді. Михайл Саакашвили бұл уәдесін өзінің Парламентке жолдайтын жыл сайынғы арнауында, сейсенбі күні берген болатын. Жікшілдік бағыттағы бұл қос республика мәселесіне араласып отыр, деп Ресейді Грузия елбасы айыптады. Бұл үшін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Грузия басшылығын “артық қадамдарға барып отыр” деп сынады.
XS
SM
MD
LG