Accessibility links

“Құс тұмауының” вирусы Кавказға да жетіп, қатер төндіруде


МАХАЧКАЛА. Ресейдің мал дәрігерлері Дағыстанда “құс тұмауының” аса қауіпті H5N1 вирусының табылғанын растады. Ауыл-шарушылық министрлігіне қарасты мал дәрігерлік бақылау бөлімі басшысының орынбасары “Шамхал” құс фермасындағы үй құстарының осы вирустан қырылғанын хабарлады. Өткен тәулікте құс фермасында 3 мыңдай құс өлген. Оның алдында кеше Ресейдің төтенше жағдайлар бойынша министрлігі құстардың “Ньюкасл дертінен” қырылғанын мәлімдеген болатын. Құс атаулыға өте қауіпті бұл дерт адамға қауіпті емес. Өткен аптада ғана Дағыстанда 56 мыңдай құс қырылды. Ақпанның басында көрші Әзірбайжан үкіметі де елде H5N1 вирусының аңғарылғанын хабарлаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG