Accessibility links

Батысқа сөз бостандығы қымбат, ал мұсылмандар пайғамбарын келемеждеуге қарсы


ИСЛАМАБАД. Бірқатар ислам елінде Мұхмамед пайғамбарды келемеждеуге қарсы жаппай наразылық шеруі әрі қарай жалғасу үстінде. Кеше Пәкістанда шеруге шыққан халық пен полицияның қақтығысы барысында 3 адам қаза болып, 10-даған кісі жараланды. Кеше Страсбург қаласындағы Еуропарламенттің отырысында сөйлеген сөзінде Еуропа Комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу мұсылмандардың наразылықтары барысындағы зорлық-зомбылық пен ойран салуды ащы сынға алып, “сөз бостандығы – Еуропадағы демократияның қол жеткізген ең маңызды құндылығының бірі” деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG