Accessibility links

Вашингтон Иранға қарсы жазаның барлық түрін, оның ішінде өзі жеке қолданатын жаза түрін қарастырып отыр


ВАШИНГТОН. Өзінің ядролық бағдарламасына қажетті уранды байытуға кіріскен Иран халықаралық қоғамға ашықтан-ашық қыр көрсетіп отыр. Кеше АҚШ Сенатының халықаралық істер бойынша Комитетінде сөйлеген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс осылай деп мәлімдеді: “Иран мен Иран халқының бейбіт мақсаттағы ядролық мемлекет болу құқын ешкім жоққа шығармайды. Иранға түрлі ұсыныс жасалды. Бірақ олардың орнына Иран жалғыз қалуды таңдады”. Оның айтуынша, Вашингтон Иранға жаза қолданудың барлық мүмкіндігін, оның ішінде АҚШ-тың өзі қолдана алатын жаза түрін қарастырды. Кеше Иранның қорғаныс министрлігі “Теһран кез-келген қатерден қорғануға дайын” деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG