Accessibility links

Грузиялық министр Мәскеуге келіп, Грузиядағы ресейлік бейбітшілік күштерінің болашақ тағдыры жөнінде келіссөздер жүргізбек


Грузияның жанжалдар мәселесімен шұғылданатын министрі Хайндрава өзінің үш күндік сапары кезінде ресейлік ресмилермен өзара кеңес өткізбек. Бұған себеп болған нәрсе - Грузия парламенті сәрсенбі күні ресейлік күштердің Оңтүстік Осетиядан шығару туралы шешім еткен болатын. Министрдің айтуынша, Грузия үкіметі енді Парламенттің шешімін орындауы тиіс.

- Грузия қауымының парламент алдына қойған міндеттемесі енді орындалуы тиіс. Жағдай түсінікті және міндет айқын. Бұған халықаралық тәжірибе және заңдық негіз бар, - деді министр Хайндрава.

Бірақ, Ресей сыртқы істер министрі Лавров, 1992-жылғы шартты біржақты бұзуға Грузияның құқығы жоқ дегенді айтты.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG