Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрлігі Ирақтағы Абу Ғрайб түрмесідегі американдық сарбаздардың зорлық әрекеттері жөніндегі суреттердің жариялануына алаңдаулы


Ондай фотосуреттер әлем елдерінде АҚШ-тық әскерлерге қарсы жеккөрушілік әрекеттеріне себепші болады деп ескертілген. Қорғаныс министрлігінің өкілі Уитманның айтуынша Абу Ғрайб түрмесіндегі күш көрсету жағдайы толық зерттелген. Нәтижесінде ол зорлық-зомбылық қылмысына айыпты делінген 25 АҚШ-тық әскер жауапқа тартылған. Австралияның бас министрі Хауард, бұл орайда былай дейді:

- Американдықтар күш көрсеткен сарбаздарын тауып, жауапқа тартқандығын білемін. Бірақ, жүз мыңдаған адамды өлтірген Саддам Хұсейнді қайтеміз? Не сурет, не жазалау, не соттау деген болмай Саддам режимі кесірінен жұрт қырыла берді емес пе?.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG