Accessibility links

Ирақтың Әбу-Грайб түрмесіндегі барлық зорлық-зомбылық толық тергелді ме?


ВАШИНГТОН. АҚШ-тың қорғаныс министрлігі Ирақтың Әбу-Грайб түрмесінде АҚШ жауынгерленінің тұтқындарды қорлап-жәбірлеген сәттері бейнелеген жаңа суреттер мен бейнетаспа бүкіл әлемде қызмет етіп жүрген АҚШ жауынгерлеріне қарсы наразылық туғызу мақсатында қасақана жариялануы мүмкін деп санайды. Пентагонның ресми өкілі Брайан Уайтменнің айтуынша, Әбу-Грайб түрмесіндегі барлық зорлық-зомбылық толық тергеліп, заңсыздықтар үшін 25-тен аса адам жауапты болып танылды. Әлгі суретер мен бейнесюжетті кеше Аустралияның Эс-Би-Эс телекомпаниясы көрсетті. Журналистің мәліметі бойынша, бейнесюжет 2003-інші жылдың соңында жазылған. Бірақ онда АҚШ жауынгерлері бейнеленген деп ешкім кесіп айта алмайды.
XS
SM
MD
LG