Accessibility links

АҚШ-тың интернет-компаниялары Қытайдағы сөз бостандығын тұншықтыруға атсалысты


ВАШИНГТОН. АҚШ-тың жетекші 2 партиясы - Республикалық және Демократиялық партияларының заң шығарушылары Американың Google, Yahoo және Microsoft сынды интернет-компанияларын Қытайдың үлкен интернет кеңістігіне жол ашу үшін осы елдің коммунистік билігіне сөз бостандығын тұншықтыруға атсалысты деп айыптады. Демократтардың Калифорния штатындағы өкілі Том Лантос Халықаралық істердің кіші комитетінде: “Бұл компанияларға менің айтарым мынау ғана. Сіздердің Қытайдағы жиеркенішті іс-әрекеттеріңіз – масқара. Сіздердің корпоративтік жетекшілеріңіз түнде қалай ұйықтайтынын мен түсінбеймін”, деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG