Accessibility links

Адам құқығын қорғаушылар Украинада тұтқындалған өзбек азаматтарының тағдырына алаңдап отыр


Украйнаның Қырым облысында, өткен аптада бірнеше өзбек азаматтары тұтқындалған болатын. Олардың тағдыры жайлы нақты мәлімет әліге дейін болмай тұр. Украйна қауіпсіздік қызметі оларды “заңсыз иммигранттар” деп атауда. Ал адам хұқын қорғаушылар болса, өзгелеу мәліметтер ұсынып отыр.

Өткен аптада, Украйнаның Қырым өлкесінде өзбекстандық азаматтар тұтқындалғалы бері бір-біріне қайшы келетін бірнеше ақпараттар жарияланып отыр. Мұның өзі жағдайды одан әрі түсініксіз етіп жіберді. Сонымен өзбекстандық қанша азамат, қай жерде, не үшін ұсталды деген сауалдарға түрлі жауаптар пайда болуда. Украйна жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, 7-ші ақпан күні Өзбек өкіметінің өтінішімен, 10 өзбек азаматы тұтқындалған. Хабарларға қарағанда, ресми Ташкент 10 азаматын Әндіжан оқиғаларына қатысы бар, деп сырттай айып тағып отыр.

Мәскеуде орналасқан Мемориал және Гражданское содействие атты адам хұқықтарын қорғау ұйымдары ақпанның 13-і күні баспасөз үшін мәлімдеме жариялады. Ол мәлімдемеде 7-ақпан күні 11 өзбек азаматы тұтқындалған, дей келіп, олардың аттарын қоса жариялаған. Украйнадағы саяси босқындар ұйымына қайрыла отырып, бұл мәлімдемеде аталған 11 өзбек азаматының үшеуінің Әндіжан оқиғаларын көзімен көргендігін хұқық қорғаушылар айтқан екен. Ал, Украйна İшкі істер министрлігінің Азаттық радиосына хабарлауынша, Қырымның екі ауданында тек 6 өзбек азаматы заңсыз иммигранттар ретінде тұтқындалған. Ал, 15-ақпан күні кешкісін Украйна Қауіпсіздік қызметі ол өзбек азаматтары, Қырым сотының шешімімен, өз отандарына қайтарылды, деп хабар таратқан болатын. Қауіпсіздік қызметі сонымен бірге, ол өзбек азаматтарының Әндіжан оқиғасына қатысының барлығы жөнінде өздерінде ақпарат болмағандығын да айтып отыр.

“Гражданское содействие” атты адам хұқын қорғау ұйымы өкілі Елена Рыбанинаның Азаттық радиосына айтуынша, ол 11 адамның кем дегенде 9-ы Украйнадан баспана сұраған екен.

«Сондықтан ол азаматтар еліне шынымен қайтарылған болса, ол үдеріс заңсыз боп табылады», - деді Рыбанина.

Наталья Прокопчюк БҰҰ жанындағы Босқындар ісі бойынша комиссиясының Киевтегі кеңсесінде аймақтық кеңесші болып жұмыс істейді. Бұл ұйым әлгі азаматтардың тұтқындалуына орай істі зерттеуге кірісіп кетті. Прокопчюк ханым Азаттық радиосына берген сұхбатында Рыбанинаның хабарын растады. “Ол азаматтар Украйнаның Миграция жөніндегі мелекеттік комитетіне, босқындық мәртебе сұрап, арыз берген болатын. Ол комитеттің бөлімдері елдің барлық аймақтарында бар, Қырымда да. Комитеттің айтуынша, әлгі өзбек азаматтары, босқындар мәртебесі бойынша Украйна заңдары мен Женева конвенциясына сүйене отырып, сотқа арыз бере алады”,-деді Прокопчюк. Сондай-ақ Миграция жөніндегі бұл комитет Азаттық радиосына берген сұхбатында, бұқаралық ақпарат құралдарына босқындар жөнінде хабар бермедік, деп отыр.

Егер өзбек босқындарының өз отандарына қайтарылғаны рас болса, онда мұның өзі қызғылт-сары Төңкерістен бері ресми Киевтің Өзбек әріптестерімен әріптестік орнатып отырған алғашқы жағдайы болмақшы. Хұқық қорғаушы ол сарапшылар әлгі өзбек азаматтары елдеріне оралғаннан кейін қамауға алынып, түрлі жан қинауларына салынуы мүмкін, деп қауіп айтуда.
XS
SM
MD
LG