Accessibility links

“Мәдени мұра” бағдарламасының ахуалы қандай?


17 ақпан күні Алматы қалалық әкімдігі ғимаратында “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасына жауапты адамдар бүгінгі уақытқа шейінгі кезеңде қандай жұмыстардың атқарылғандығын айтып, есеп берді. Әкімдіктің ғимаратында Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстарының 2004-2006 жылдары қол жеткізген нәтижелері бойынша көрме ұйымдастырылды. Көрмеден кейінгі өткен “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында 2005 жылғы дайындалған және басылып шыққан кітаптар, алыс-және дақын шетелдерге ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу экспедицияның нәтижелері секілді өзекті мәселелер талқыланды.

“Мәдени мұра” бағдарламасын жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінгенімен, одан қалыс қалған мәдени мекемелер де бар болып шықты. Солардың бірі Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейі екен. Осы мекеменің директоры Нұрсан Әлімбай музейдің өз күшімен жұмыс жасағандығын сөз қылды. “Мәдени мұра” бағдарламасы негізінде тарихқа, әдебиетке және аударма саласына байланысты жүздеген кітаптар жарық көрді. Алайда “Арыс” баспасының директоры Ғарифолла Есім осы құнды кітаптардың халықтың қолына жете алмайтындығын айтып отыр. Вице-министр Ардақ Досжан болса үш жылдың барысында көптеген жұмыстардың жасалғандығын хабарлады.

Алайда филология ғылымының докторы, профессор Сейіт Қасқабасов болса мәдениет министрлігінің бірнеше рет берген уәделерін орындамай кеткендігіне тоқталды. “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов өз сөзінде шығып жатқан құнды кітаптарды халыққа жеткізуді қамтамасыз ету қажеттілігін сөз қылды. Жазушы Дулат Исабеков болса Қазақстандағы мәдени шаңырақтардың ахуалының өте ауыр жағдайда екендігін тілге тиек етті.
XS
SM
MD
LG