Accessibility links

Мұнай-газдан түсетін табыстың ашықтығына үндейтін «Қара алтынға деген құмарлық» деректі фильмі көрерменіне жол тартты

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Қазақстандағы мұнайдан түсетін табыстардың игілігін халық неге көре алмай отыр? Міне, осы сұраққа «Қара алтынға деген құмарлық» атты жаңа деректі фильм жауап іздейді. Фильмнің басты мақсаты елдегі мұнай-газ өндіруден түсетін табыстардың ашықтығына қалай қол жеткізуге болатындығын таразылау еді дейді киноны түсіруші топ.

«Қара алтынға деген құмарлық» атты деректі фильмнің режиссеры Елена Прокопцева аталған туындыны Сорос-Қазақстан қорының гранты бойынша «Гала ТВ» продюсерлік орталығы түсіргенін айтады. Оның пікірінше, басты мақсат Қазақстанның мұнай-газ саласындағы компаниялардың табыстары туралы ақпараттың жабықтығы мен мемлекеттік бюджеттің өз мақсатына жұмсалуына қоғамның белсене қатысуына байланысты мәселелерге барша қазақстандықтар мен халықаралық қауымдастықтың назарын аудару болатын. Осы бағыттағы киноны түсіруші топтың негізгі нысанасы аталған саладағы ашықтық мәселесіне орай аталған фильмді қызу талқылаудың жалғасуы мені қуантып отыр дейді режиссер Елена Прокопцева.

Осы ретте Атырау қаласындағы елдің мұнай-газ саласындағы құқықтық проблемалармен шұғылданатын «Демос» қоғамдық ұйымының төрайымы Тоғжан Қизатова аталған деректі фильм ашықтыққа жетуге, есептілікке және қоғам қаржысын басқару саласындағы халықтың қатысуына бағытталған азаматтық бастамаларға жасалған қадам болғандығын айтады. Дегенменде киносыншы Ғалия Хакімқызы көтерілген өте өзекті мәселенің фильмде көрерменнің намысын жанитын көріністері азырақ қамтылғанын айтады.

«Бұл фильм өз міндетін атқарды. Ендігі қадам өз құқығын қорғайтын халық пен ашықтықты жария етуі тиіс билікте», - дейді «Каспий табиғаты» қоғамдық қозғалысының төрағасы Махамбет Қакімов.

Алайда Қазақстанның Ұлттық банкінің басшысы Әнуар Сайденов мұнай-газдан түсетін табыстың жабықтығы жөніндегі пікірлермен келіспейді. Ұлттық қордың қызметін ашық жүргізудеміз, әрі табысын жыл сайын жариялап отырмыз дейді. Қоғамдық саясатты зерттеу орталығының директоры Меруерт Махмұтова «Қара алтынға деген құмарлық» деректі фильмін барша халық көріп қана қоймай, онда көтерілген мәселені биліктің алдына бірауыздан қоюы қажет дейді. Және де ол аталған фильмді қайткенде де республикалық телеарналардан көрсету керектігін айтады.
XS
SM
MD
LG