Accessibility links

Бүгін Хамас тобы көпшілік орынды иеленген Палестина жаңа парламентінің бірінші сессиясы ашылады


Рамалла. Парламент сессиясы екі жерде - Батыс жағалаудағы Рамаллада және Газада бір мезгілде басталады, өйткені Израил ары-бері жүруге тиым салған. Екі қаладағы заңшығарушылар өзара видео байланыс арқылы тілдесетін болады. Палестина автономиясының президенті Махмұд Аббас парламенттегі басым көпшілік орынды жеңіп алған Хамас тобын үкіметті жасақтауды ашық жүргізіп, бейбіт процесті жалғастыруға шақырмақшы. АҚШ пен Израил егер Хамас тобы қақтығыстарды жалғастыру райынан қайтпаса, жазалау шараларына дейін барамыз деп ескертті.
XS
SM
MD
LG