Accessibility links

Египетте алғаш рет құс тұмауы тіркелді


Каир. Мысыр үкіметінің өкілі Магди Ради ел астанасында құс тұмауы вирусының алты құстан табылғанын хабарлады. Елдің оңтүстігінде де осындай бір оқиға анықталған. Африка аймағында Нигериядан кейін құс тұмауы табылған екінші ел - Египет болып отыр. Алғаш Азиядан шыққан құс тұмауы індеті біртіндеп Еуропаға таралып барады. Кеше ертеңгісін Германия құс тұмауының h5n1 вирусы тіркелген бірнеше жайтты растаған болатын. Францияда да өлген құстар мұқият зерттеліп, сараптан өткізілуде. Құс тұмауының h5n1 вирусы адам баласы үшін де аса қауіпті делінеді.
XS
SM
MD
LG