Accessibility links

Ливияда Мұхаммед Пайғамбарды мазақ еткен карикатураларға байланысты наразылық шеруіне шыққандар мен полиция арасындағы қақтығыста 11 адам опат болған


Триполи. Полиция жұма күні кешкісін Бенгази қаласында Италия консулдығының жанына жиналған бір мыңдай адамды таратып, басу үшін қару қолданған. Хабарларға қарағанда, бірнеше ғимарат пен машиналар өртке оранған. Италияның сыртқы істер министрлігі қақтығыс кезінде зақымданған Италия азаматы болған жоқ деп хабарлады. Мұхаммед Пайғамбарды мазақ еткен әжуа суреттер алғаш рет Данияның газеттерінде жарық көріп, кейіннен ондай суреттерді Еуропаның бірқатар елдерінің мерзімді басылымдары қайталап басқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG