Accessibility links

Пәкістан полициясы Мұхаммед Пайғамбарды әжуалап салынған суреттерге байланысты шеруге шыққан қауымнан 125 адамды тұтқынға алды


Тұтқындау шаралары шығыстағы Мултан және оңтүстіктегі Карачи қалаларында жалғасты. Әсірешіл Исламшыл топ жетекшісі Хафиз Саид қазір үй тұтқынында отыр. Бүгін Равалпанди, Пешавар және Қуетта қалаларында да шерулер өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, Мұхаммед Пайғамбарды келемеждеу суреттеріне байланысты, Хоңкоңда мыңдаған наразы адам ереуілдетіп отыр. Мұның бәрі Дания газетінде кезінде жарияланған карикатуралық суреттердің салдары болып тұр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG