Accessibility links

Иран Францияны “теке-тірес туғызатын сөзден аулақ болуға” шақырады


ПАРИЖ. Кеше Францияның сыртқы істер министрі Филипп Дуст-Блази: “Иранның ядролық ізденістерінің түпкілікті мақсаты – ядролық қару жасап шығару болса керек”, деп мәлімдеді. Оның артынша Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Еуроодақпен арадағы келіссөздерге қатысушы Иран өкілі Әли Лариджани мұндай айыпқа қарсы пікір білдіріп, Францияны “теке-тірес туғызатын сөзден аулақ болуға” шақырды. Кезінде Германия, Ұлы Британиямен бірге Франция Иранның ядролық бағдарламасын жабуға әрекеттенген болатын. Осы ақпан айында халықаралық МАГАТЭ агенттігі Иранның “ядролық ісін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне беру мүмкіндігі қарастырылған Қарарды мақұлдады.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG