Accessibility links

Мәскеуге қарағанда, Брюссель “Хамас” тобымен келіссөзге бармайды


МӘСКЕУ. Ресейдің сыртқы істер министрлігі палестиналық “Хамас” қозғалысының мәртебелі делегациясы келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге наурыздың басында келетінін хабарлады. Одан бұрын келіссөз ақпанның аяғында өтетіні айтылған болатын. Ресей жағының мәлімдеуінше, келіссөз барысында “Хамас” лидерлерін Израильді мойындап, Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзге қатысуға үгіттеп көрмекші. Кеше “Хамас” жетекшілері Түркияға келіп, түрік сыртқы істер министрі Абдулла Гүлмен келіссөз өткізді. Осы күні Еуроодақтың сыртқы саясатының басшысы Х.Солана Брюссель “Хамас” лидерлерін шақырмайды деп мәлімдеді. Кеше ол Рамаллада Палестина президенті М.Аббасқа жолықты.
XS
SM
MD
LG