Accessibility links

Өзінің досына оқ атып жаралаған АҚШ-тың вице-президентіне айып тағылмай ма?


ВАШИНГТОН. АҚШ-тың Тексас штатындағы заңдылықтардың орындалуын қадағалайтын ресми тұлғалар аң атуға барғанында өзінің досына байқамай оқ атқаны үшін АҚШ-тың вице-президенті Дик Чейниге ешқандай қылмыстық айып тағылмайтынын мәлімдеді. Олардың айтуынша, өткен сенбі күні ранчода болған осы атыс қайғылы оқиға ретінде бағаланған. Вице-президент Д.Чейни өзінің маңында жүрген досы, 78 жастағы адвокат Гарри Уайттингтонға қарай кездейсоқ оқ атқанын айтып ақталды. Жүрегінің айналасына бытыра тиген қарт адвокат қазір Тексас ауруханасында емделіп жатыр. Кеше АҚШ президенті Дж.Буш Д.Чейнидің түсініктемесіне қанағаттанғанын атап көрсетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG