Accessibility links

Беларусь оппозициясы түрмеде отырған үзеңгілестеріне үнсіз қолдау білдірді


МИНСК. Кеше күн қарайғанда Минск қаласының орталығында беларусь оппозициясының 20 шақты белсендісі ұсталды. ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, олар рұқсат берілмеген наразылық шарасына қатысты. Кеше Минскінің орталық алаңдарының бірінде оппозициялық ұйымдардың қолдарына шырақ ұстаған 100-ге тарта өкілі сап түзеп тұрды. Олар, оппозиция өкілдерінің айтуынша, ресми биліктің абақтыға жабылған қарсыластарына және осыдан бірнеше жыл бұрын хабар-ошарсыз жоғалған саясаткерлердің отбасыларына осылайша қолдау білдірді.
XS
SM
MD
LG