Accessibility links

Уранды аз ғана мөлшерде байытуға мұрсат беру жөніндегі ұсынысты Иран құптап қарсы алды


Тегеран. Хабарларға қарағанда, мұндай бастаманы Халықаралық атом энергиясы агенттігінің жетекшісі Мұхаммед ел-Барадей көтерген. Ол кең көлемді ядролық зерттеулер жасамауға кепілдік беретін болса, Иран уранды аз ғана мөлшерде байыта алар еді деп мәлімдеген. Иранның сыртқы істер министрі Манучер Моттаки бұл ұсынысты халықаралық қауымдастықпен келіссөздер барысындағы алға басқан қадам деп атады. Жақында МАГАТЭ агенттігі Иранның ядролық мәселесін санкциялар мүмкіндігін қарастыруға Қауіпсіздік кеңесіне беру туралы қарар қабылдаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG