Accessibility links

Палестина басшысы Махмұд Аббас кеше Хамас тобын келесі үкіметті жасақтауды сұрап, Ислам жаугерлік ұйымын Израилмен бейбіт келісімдерді мойындауға шақырды


Рамалла. Бұл жөнінде Аббас кеше Хамас тобы көп орын алған парламенттің сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде айтты. Хамас парламенттегі 132 орынның 72-сіне ие болса, аталған топтың өкілі Азиз Дуелик парламент спикері болып сайланды. Махмұд Аббас Палестина автономиясының президенті ретінде сыртқы істер мен қауіпсіздікке, келісімдердің жүргізілуіне бақылау жасайды.

- Олар, жаңа үкімет, 1993 жылы жасалған Осло бейбіт келісімдері сияқты ұзақ мерзімдік бейбіт келісімдерге келудің шешімдерін табуы тиіс, - деді президент.

Үкімет басшылығына Хамас тобы таңдап отырған Исмаил Хани мен Махмұд Аббас өз көзқарастарындағы айырмашылықтарды диалог арқылы шешуге тырысамыз деп уағдаласты. Дегенмен де Хамастың парламенттегі кейбір өкілдері өз топтарының Израилмен бейбіт келісімдерге бармайтындығын мәлімдеуде. Хамас Израилды жою керек деп есептеп, бейбіт келісімдерге қарсы бағытта. Ал жексенбі күні Израилдың министрлер кабинеті Палестинаға қарсы мүмкін болатын санкциялар мәселесін дауысқа салмақшы.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG