Accessibility links

Нигерия полициясы Мұхаммед пайғамбар туралы карикатураларға байланысты өрбіген наразылық шеруінде кемінде 16 адамның опат болғанын хабарлаған


Кано. Майдугури қаласында шерушілер христиан шіркеулерін нысанаға алып, 11 шіркеуге от қойды, 115 адам қамауға алынды деген полиция өкілі Наз Ауенди. Бұдан бір күн бұрын Ливияда осындай қақтығыстар барысында 11 адам құрбан болған еді. Ливиядағы шерушілер Италияның реформалар министрі Роберто Калдеролидің осы аптаның басында теледидарға Мұхаммед пайғамбарды мазақ еткен сурет салынған футболка киіп шыққанына наразылық білдіріп, айыптаған болатын. Калдероли кеше қызметінен босатылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG