Accessibility links

Қазақстан олимпиадашыларының үлесінде әлі де жүлде жоқ


ТУРИН. Бүгін Туринде өтіп жатқан Қысқы олимпиада ойындарының 10-ыншы күні. Бүгінгі бағдарлама бойынша 5 алтын, күміс және қола медаль таласқа түседі. Тау шаңғысынан ерлер слалом-гигант немесе алып слаломнан, әйелдер супергигант слаломынан бақ сынаса, шаңғымен үлкен трамплиннен қарғудан командалық жарыс өтеді. Ал конькиді мәнерлеп тебушілер өздерінің би бағдарламасын аяқтауға тиіс. Қысқы олимпиаданың өткен 9 күнінде 84 жүлденің 49-ы сарапқа салынып, бейресми командалық бәсекеде 7 алтын, 7 күміс және 4 қола медальді қанжылаған Германия көш бастап, 7 алтын, 4 күміс, 2 қола медалі бар АҚШ – екінші, 6 алтын, 2 күміс және 5 қола медалі бар Ресей үшінші орында келеді. Қазақстанның үлесінде әзірше жүлде жоқ. Кеше шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы аса тартысты кездесуде Словакия командасына 2-де 1 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстан хоккейшілері бұған дейін Швецияға 7 : 2 және Ресейге 0 :1 есептерімен жеңілген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG