Accessibility links

Палестинада билікке келген “Хамас” ұйымының басшысы бүгін Иран лидерлерімен келіссөз өткізеді


РАМАЛЛА. Палестина лидері Махмуд Аббас автономияның қаржылай дағдарысқа душар болғаны үшін АҚШ пен Израильді айыптады. Кеше Газа аймағында сөйлеген М.Аббас Израильдің автономияға қарсы қолданған санкциясы мен АҚШ-тың бұрын бөлген 50 млн. доллар көмегін кейін қайтаруды талап етуі – қаржылық ахуалды күрт ушықтырды деп атап көрсетті. Осы екі шара да парламент сайлауында жеңіске жеткен экстремистік “Хамас” ұйымының атқарушы билікке келуімен байланысты болып отыр. Израиль үкіметі Палестинаға кеден салығын аударуды тоқтатты. Еуроодақ пен АҚШ “Хамас” тобынан жаугерлікті доғарып, Израильді мойындауға және бұрын қол жеткен бітімдерді орындауға шақырды. Ал осы кезде “Хамас” ұйымының лидері Халид Мешаал Иран басшылығымен келіссөз өткізу үшін кеше Теһранға келіп, бүгін Иран президенті Махмуд Ахмади-Неджадпен, Иранның рухани лидері аятолла Әли Хаменеймен және басқа ресми тұлғалармен кездесуге тиіс.
XS
SM
MD
LG