Accessibility links

Бүгін Иранның ресми өкілдері Мәскеуде және Брюссельде келіссөз жүргізеді


МӘСКЕУ. Иранның ядролық бағдарламасына қажетті уранды Ресейде өңдеу ұсынысын талқылау үшін Ресей мен Иранның ресми өкілдері бүгін Мәскеуде бас қосады. Ресей Иранға өзінің ядролық реакторларына қажетті уранды Ресей жерінде өңдеуді ұсынды. Бұл байытылған уранның басқа мақсат-мүддеге жұмсалмауына кепілдік беруге тиіс. Кеше Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттақи Теһран Мәскеудің АҚШ пен Еуроодақ жағынан мақұлданған осы жоспарымен танысып көреді деп мәлімдеді. Моттақи Еуроодақ басшыларымен кездесу үшін бүгін Брюссельге барады. Ақпанның басында МАГАТЭ агентігі Иранның “ядролық ісін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне беру мүмкіндігі қарастырылған Қарарды мақұлдап, оның есесіне Теһран уранды байыту өндірісін қайта қолға алғанын жариялап, МАГАТЭ инспекторларының іс-қимылын шектейтінін мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG