Accessibility links

БҰҰ-ның Жоғарғы Комиссары Солтүстік Кавказдағы адам құқының жайымен танысады


НАЗРАНЬ. БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Жоғарғы Комиссары Луиза Арбур бүгін Ингушетияға келеді. Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағына сапарының барысында ол бүгін Назрань қаласында ингуш президенті Мурат Зязиковпен кездесіп, көрші Чешенстаннан қашып келген босқындардың “Гамурзиево” лагеріне баруге тиіс. Адам құқын қорғаушылар осы лагерьді жабу үшін Мәскеу босқындарды Чешенстанға күштеп қоныс аударды деп айыптауда. Ресейдегі адам құқының жағдайымен танысу үшін Л.Арбур ханым кеше Мәскеуге келіп, 1 апталық сапарының барысында Ресей президенті В.Путинмен кездеседі. Ресей сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Мәскеу “адам құқының саясаттанып кеткенін” және “екіұшты стандарттың нышанын” атап көрсетпекші. Мәскеу Батыс елдерін терроризммен айналысты деп айыпталған чешен лидерлерін Ресейге бермей, оларға саяси баспана беру мақсатында “екіұшты стандарт ұстанады” деп айыптап келеді.
XS
SM
MD
LG