Accessibility links

Мысыр басшылығы К.Райсты “Хамас” тобын көп сынамауға шақырмақшы


ВАШИНГТОН. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Таяу Шығыс елдеріне сапармен ұшып шықты. 24-інші ақпанға дейін жалғасатын сапары барысында Райс ханым Мысырға, Сауд Арабиясына және Біріккен Араб Әмірліктеріне тоқтайды. Мемлекеттік хатшы Таяу Шығыс аймағы елдерінің лидерлерімен екі жақты қарым-қатынас мәселелері мен аймақ проблемалары бойынша ақылдасады. Кеңестер Иранның ядролық бағдарламасына, Ирақтағы саяси ахуалға және Палестинадағы таяуда болып парламент сайлауында экстремистік “Хамас” тобының жеңісінен кейінгі жағдайға ерекше назар аударылмақшы. Бүгін Қайырға тоқтаған кезінде Мысыр өкілдері К.Райсты жаңа үкіметті жасақтауға кіріскен “Хамас” тобына қарсы онша шүйлікпеуге шақырмақшы.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG