Accessibility links

БҰҰ-ының Жоғарғы Комиссары Солтүстік Кавказ республикаларын аралап жүр


ГРОЗНЫЙ. Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағына сапары барысында БҰҰ-ының адам құқықтары бойынша Жоғарғы Комиссары Луиза Арбур бүгін Чешенстанға келеді. Арбур ханым – Ресейдегі адам құқықтарының жайымен танысу үшін 1 апталық сапармен келді. Кеше Жоғарғы Комиссар Ингушетияда болып, ингуш президенті Мурат Зязиковпен келіссөз өткізіп, 1992-нші жылғы Солтүстік Осетиядағы жанжалдың ингуш босқындарымен кездесті. Ертең Арбур ханым Солтүстік Осетияға ат басын бұрып, 2004-інші жылы жергілікті орта мектепті лаңкестер басып алған Беслан қаласына барады. Сапарының соңында ол Ресей президенті В.Путинмен кездесуге тиіс.
XS
SM
MD
LG