Accessibility links

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Мысырға келді


Вашингтон. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың Таяу Шығыс елдеріне сапары басталды. 24-інші ақпанға дейін жалғасатын сапары барысында Райс ханым Мысырға, Сауд Арабиясына және Біріккен Араб Әмірліктеріне барады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Таяу Шығыс аймағындағы ел жетекшілерімен екі жақты қарым-қатынас мәселелері мен аймақ проблемаларын реттеу жолындағы ақыл-кеңестерін ұсынады. Онда негізінен Иранның ядролық бағдарламасына, Ирақтағы саяси жағдай мен Палестинадағы “Хамас” жауынгерлік тобының парламенттік сайлаудағы жеңісінен кейінгі жағдайларға баса назар аударылады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG