Accessibility links

Кондолиза Райс, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы: «Хамас» террор мен саясаттың екеуінің бірін таңдауы керек»


Кеше Таяу шығыс сапары барысында Египетке барған АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Каирде Мысырдың сыртқы істер министрімен әңгімелесу барысында осылай деп атап көрсеткен.

- Сіздер бір аяқтaрыңызды террор лагерінде, екінші аяғыңызды саясат лагерінде ұстап тұра алмайсыз. Сіздер қақтығыстан бас тартуларыңыз керек, сіздер соңғы уақыттарда палестиндіктер қол жеткізген Израилмен ынтымақтастық қарым-қатынас пен бейбіт процесті міндетке алуларыңыз керек, -деген ол.

Ақпанның 24-не дейін жалғасатын сапарында Кондолиза Райс Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінде де болады.
XS
SM
MD
LG