Accessibility links

Хорватияның ветеринарлық институты құс тұмауының етек алғанын растады


Загреб. Хабарларға қарағанда, жақында Адриат теңізінде табылған өлі жабайы аққуларда адамзат баласына қауіпті құс тұмауы вирусы болғандығы анықталған. Өткен аптада Европаның бірқатар елдерінде құс тұмауының таралғаны турасында хабарланған. Бұл аралықта Европаның мал дәрігерлік мамандары құстарды бұл індетке қарсы егу шараларын қарастыруда. Бірақ, кейбір елдердің өкілдері бұндай шаралар фермерлер үшін тым қымбатқа түсуі мүмкін деп алаңдайды. Оңтүстік шығыс Азияда алғаш пайда болғаннан бері құс тұмауының H5N1 вирусынан жер бетінде 90-ға жуық адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG