Accessibility links

Бүгін БҰҰ-ның адам хұқтары мекемесінің басшысы Луиза Арбур Солтүстік Осетияға барады


Беслан. Луиза Арбур алдымен 2004 жылы оқу жылының басында террорлық шабуылға ұшыраған Беслан мектебінде болып, осы шабуылда зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетілетін реабилитация орталығын аралап көреді. Адам хұқтары жетекшісі сондай-ақ Солтүстік Осетия басшыларымен кездесіп, әңгімелеседі.

Сейсенбі күні Луиза Арбур Шешенстанда болды. Шешенстан президенті Алу Алхановпен келіссөз барысында адам хұқтарын қорғаушы Шешенстанда адамдардың із-түзсіз жоғалып кететін жайттарына, хұқық қорғау орындарының ұсталғандарға азаптау шараларын қолданатындығы туралы деректерге баса назар аударды. Луиза Арбур сапарының соңында Ресей президенті В.Путинмен де кездеседі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG